Елімізде IT-лицейлер ашылуы мүмкін

291

0

Елімізде IT-лицейлер ашылуы мүмкін Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанада өткен баспасөз мәсілихатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Биыл «Информатика» пәні 3-ші кластан басталады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында информатика сабағы келесі жылдан 1-2-ші кластарда енгізіледі. Олардың бағдарламалары дайындалуда» – дейді министр.
Оның айтуына қарағанда, цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылып келеді.
«Әр пән бойынша ресурстар мектептерге 100% жеткізілді, еңді мұғалімдер оны тиімді пайдалана білуі қажет. Министрлік ұсынысымен жаңа оқу жылынан бастап әр балаға жеке логин беріледі. Енді цифрлық ресурстар үйде де, мектепте де бәріне тегін қолжетімді болады» – дейді Ерлан Сағадиев.
Сонымен қатар, министр электронды құжаттарды кең жолақты Интернеті жоқ мектептерде ғана қағаз түрінде толтыруға рұқсат берілетіндігін айтты.
Ерлан Сағадиев алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде IT-лицейлерін ашу жоспарланып отырғандығын айтты.
«Цифрландыру, яғни IT технологиялар мен робото-техниканы дамыту үшін қосымша білім берудің мүмкіндіктерін пайдалану керек. Жергілікті атқарушы органдар робото-техника, бағдарламалау, 3D-принтинг кластарын ашуда. Қазіргі уақытта бір жарым мың (1500) мектепте осындай кластар бар. Әрі қарай Сонымен қатар барлық өңірлерде IT-лицейлерін ашу жоспарлануда. Ол үшін біз тиісті нормативті дайындап бердік» – деді ол.

  Ержан Жаубай

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<