Елімізде күн жылынып, судың деңгейі көтеріледі

332

0

Қазақстанда ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын түсуі мүмкін. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

«4-6 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-шашын болуы ықтимал, кей жерлерде қатты жауған жауыннан қар мен мұз жамылғысы еріп, өзен арналары көтеріледі, сондай-ақ жазық жерлерде тасыған су жиналуы, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Алматы облысында (54%), Жамбыл (27%), Оңтүстік Қазақстан (14%), Қызылорда (66%),  Атырау (55%), Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 99%, Шығыс Қазақстанда (92%)  облыстарында қар жамылғысы жатыр», – делінген хабарламада.

Осылайша, 4-5 наурызда Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында күндізгі ауа температурасы +5 градусқа уақытша көтеріліп, қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде.

6-7 наурызда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында ауа температурасы күндіз  уақытша  +5 градусқа, Шығыс Қазақстан облысында +3+8 градусқа дейін жоғарылайды. Осыған байланысты, қар еріп, мұз жамылғысы жібіп, өзен арналары көтеріліп, жазық жерлерде тасыған су жиналуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, жайылымдық учаскелерге таралуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<