Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 293 адамға жетті

302

0

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 293 адамға жетті Қазақстанда тағы тоғыз адам қауіпті вирус жұқтырды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

«30 наурыз сағат 11:10 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді, Алматы қаласында – 3 адам, Қызылорда облысында – 3 адам, Ақмола облысында – 3 адам», – делінген хабарламада.
Республикада коронавирус жұқтырғандар саны 293 адамға жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы – 167 адам
Алматы қаласында – 73
Қарағанды облысында – 7
Ақмола облысында – 9
Атырау облысы – 12
Жамбыл облысында -3
Шымкентте – 2
Шығыс Қазақстан облысында – 2
Алматы облысында – 6
Ақтөбе облысында – 2
Солтүстік Қазақстан облысында – 1
Павлодар облысында – 1
Маңғыстау облысында – 1
Қызылорда облысында – 5
Батыс Қазақстан облысында – 2.