Елімізде шегірткемен күрес мерзімінен бұрын басталады

285

0

Елімізде шегірткемен күрес мерзімінен бұрын басталады Еліміздің оңтүстік аймақтарына марокко шегірткесі қара бұлттай қаптауы мүмкін. Зиянкестер 2 миллион гектар алқапты жайлап алады деген болжам бар, деп хабарлады 24 кз.
Әсіресе Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында алаңдауға негіз көп. Үкімет мүшелеріне жағдайдың жай-жапсарын баяндаған Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев шегірткеге қарсы күрес мерзімінен бұрын басталатынын айтты. Фито-санитарлық ахуал GPS-құрылғы арқылы бақыланбақ. Сондай-ақ көршілес мемлекеттермен бірлесе күрес жүргізілуі тиіс.
Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
– Мароккалық шегірткенің жаппай таралуы Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында күтілуде. Осы облыстарда марокколық шегірткеге қарсы 640 мың гектарды өңдеу жоспарланады. Облыстар әкімдіктеріне жедел штабтарды құруды ұсынамыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<