Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылы тегін медициналық қызмет көрсетуге қажет дәрі-дәрмекке тапсырысты қамдай бастады.
Министр бекіткен тізімге әзірге 829 дәрі мен 315 медициналық құрал-жабдық енген. Сұранысқа сай тізім өзгеруі мүмкін. Мамандардың айтуынша, 550 өнім түрлерін амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастар, 45-ін диспансерлік есепте тұрғандар ала алады. Айтпақшы, биылдан бастап медициналық препараттарды сатып алу электронды форматта жүргізіледі. Тендер жұмыстары екі айға созылады. Демек дәрі-дәрмектер жыл соңына дейін түгел дайын болады.
www.24.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<