Елімізде ЖОО-ға түсудің заңсыз әдістері анықталды

256

0

Елімізде ЖОО-ға түсудің заңсыз әдістері анықталды Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен арнайы мониторингтік топ (АМТ) өңірдегі ЖОО-ға қатысты бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 Ведомствоның мәліметі бойынша, шара барысында арнайы мониторингтік топ мүшелері бакалавриат пен магистратураға түсудің жаңа заңсыз мүмкіндіктерін анықтады. Мониторинг барысында 11 сыныптан кейін бакалавриатқа кешенді тестілеуден өтпей түсуге болатыны анықталды. Талапкер бар болғаны шығармашылық мамандыққа түсіп, әрі қарай еш қиындықсыз басқа қалаған мамандыққа ауысуына болады. Аталған әдіс ЖОО түсу бойынша барлық бөгеттерден өтуге мүмкіндік береді. «Магистратураға түскен кезде алдын ала келісім бойынша ұялы құрылғыларға орнатылған «What\’s App» мессенджері арқылы көмек көрсетуге кепілдік беріледі», – деді комиссиясының мүшесі.
 Сонымен қатар, АМТ мүшелері бакалавриат пен магистратураға ресейлік ЖОО арқылы түсудің жолдарын анықтады. Аталған әдіс бакалавриатқа ҰБТ мен КТ тапсырусыз түсуге мүмкіндік береді. Оқыту мен емтихан тапсыру үрдістері қазақстандық ЖОО-да өтеді. Бірінші жартыжылдық ішінде оқу ақысы шамамен160 мың теңгені құрайды. Оған қоса, студенттердің емтихандарды (сессияны) тапсырусыз баға алуының сыбайлас жемқорлық бойынша тәуекелдері анықталды. Тіпті арнайы жасырын бағалар тізімі де бар: диссертацияны жазу және қорғау – 120 мың теңге, сессия тапсыру – 60 мың теңгеден кем емес. «Анықталған фактілер жүйелік сипатқа ие және талапкерлерге облыстың жоғарғы оқу орындарына еш бөгетсіз, міндетті талаптарды ескермей-ақ оқуға түсуіне жол ашатын жоғарғы білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын растайды»,- делінген хабарламада.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<