«Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енген. «Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», – делінген таратылған хабарламада. Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар/жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады. Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі: Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында; Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде; Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде. Жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін алды.
Елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді
19.08.2019
296
0





