Бүгін елорда төрінде ұйымдастырылған жәрмеңкенің екінші күні.
Таң алдымен азық-түлік алуға кіріскен халық сауданың көркін қыздырды.

Арқа төріндегі тұрғындарға 85 жылдық тарихы бар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізілді.






