Елордаға еңбегі сіңген қызметкерлерді мерейтойлық медальмен марапаттады

263

0

Әсет Исекешев Астананың 20 жылдық мерейтойы құрметіне орай Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан еңбегі сіңген қызметкерлер мен құрметті қайраткерлерді «Астанаға 20 жыл» мерейтой медалімен марапаттады, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдікте Астананың мерейтойына арналған салтанатты жиын болып өтті. Әсет Исекешев Қазақстанның астанасымен әрбір адамның мақтаныш етуіне құқы барын айтты.

«Қаланың қалыптасуы мен даму тарихы Мемлекет басшысының қайраткерлігімен және Қазақстан тәуелсізігінің дамуымен тығыз байланысты. Бүгінгі қаланың келбеті Елбасының басшылығымен барша қазақстандықтардың үлес қосуының арқасында қазіргі күйге жетті. Біздің астана бірінші рет ХХ ғасырдың соңында өзін әйгіледі және ғасырлар тоғысында шепті басып өтіп, әлемге танылды, бүгінде экономикасы мен инфрақұрылымы дамыған заманауи мегаполиске айналды. Астана елдің барлық аймағымен тығыз байланысты. Бұл адам тағдыры және де экономика, мәдени, ақпараттық алмасу. Астананың қарқынды дамуының негізгі күші тұрғындардың өздерінің тасып тұрған күш-қуатымен шығармашылығы, кәсіби әлеуеті мен табысқа жеткісі келетін ұмтылысы», – деді Әсет Исекешев.

Мерейтойға арналған төсбелгімен 40-қа жуық адам марапатталды, олардың қатарында Астананың бұрынғы бірінші басшылары, құрылысшылар, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, әкімдік басшылығы, ведомствоға қарасты мекемелер, денсаулық сақтау қызметкерлері, сондай-ақ білім беру саласының өкілдері бар. 

Сенат депутаты, Жоғарғы және орталық органдарды Ақмола қаласына көшіру жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы (1998-2002 жж) Фарит Галимов елорданы Астанаға көшіру туралы бастама мен шешім өз уақытында қабылданғанын атап өтті.

«Астананы осында көшіру – Президенттің жеке бастамасы болатын. Бұл ол кезде өте жауапты қадам еді. Бірақ сол кездегі уақыттың қиындығына қарамастан, бастама мен шешім өз уақытында қабылданды. Мен осыған қатысқан барлықтарыңызға үлкен алғысымды білдіргім келеді», – деді Фарит Галимов. 

«Астанаға 20 жыл» мерейтой медалі – Қазақстан Республикасының жарлыққа сәйкес бекітілген мемлекеттік наградасы. Мерейтойға арналған медальмен Қазақстан мен оның астанасының дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан азаматтар марапатталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<