Елордада және еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

772

0

Фото: Кazinform

«Қазгидромет» РМК хабарламасына сәйкес, 8 қараша күні Астана және еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Каzinform агенттігі.

Астана, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысында жаңбыр жауады, ал Түркістан облысында қатты жаңбыр жауатыны болжанып отыр.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында болжанып отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты қауіптің екінші деңгейі сақталып отыр.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

8 қараша күні Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде қатты шаңды дауыл соғады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<