Емдік шайдан есірткі табылды

477

0

13 ақпан күні Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға келген сәлем-сауқаттарды қабылдау барысында мекеме қызметкерлері «ерекше» сәлемдемені тауып алған. Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан «О» деген сотталғанға әкелінген сәлем-сауқаттың ішіндегі «Фито», «Зерде» емдік шай қалташаларының құрамы алмастырылып, 35 қалташадағы емдік шайдың орнына ұнтақ тәріздес әрі ерекше иісі бар зат салынған болып шықты.

Орын алған дерек бойынша жедел түрде «102» арнасына хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы  шақыртылып, тыйым салынған зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен 47 гр «кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен( Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<