Емханада үстіне темір құлаған әйел көз жұмды

511

0

Қызылордада төбесіне құрылыс сатысының бөлшегі құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2 қараша күні сағат 14.40 шамасында 102 арнасына хабар түскен.

Онда Қызылорда облыстық полиция департаментіне қарасты емханада құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында азаматшаның басына құрылыс сатысының темір бөлшегі құлап, салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болғаны айтылады.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 2-бөлігінің (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды» деп атап өтті Қызылорда қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімінің орынбасары Әуелхан Құдайберген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<