Емханаларды аралады

444

0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы өңiрдегi эпидемиологиялық ахуалға байланысты №3-шi, 6-шы калалық емханадағы атқарылып жатқан шаралар және өзге де емхана жұмыстарымен танысты.
Жалпы аймағымыздағы амбулаториялық жұмыстармен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Бексеитұлы таныстырса, №3 қалалық емхана қызметiн емхана бас дәрігері Гүлстан Әубәкiрқызы, №6 қалалық емхана бойынша Жанат Шайхисламқызы айтып өтті.
Емханалардағы пандемия кезеңіндегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталсақ, №3 емхана бойынша жыл басынан берi коронавирус инфекциясының оң мәнiмен анықталып, стационарлы жане үй жағдайында амбулаториялы 322 науқас ем алған. Қазіргі таңда 8 пациент амбулаторлы медициналық бақылауда.
3-шi, 6-шы емханаға тiркелген барлық ересек тұрғындарына вакцинаның бірінші және екiншi туры толықтай салынған.
3 емханада коронавирусты инфекцияға қарсы ревакцинация жасалынғаны – 15918, 2 рет ревакцинацияланғаны – 221.


Кайта вакцинациялаудың I турымен қамтамасыз етiлгенi – 49, II турымен қамтылғаны – 39.
Ал 6 емханада ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті (18 жастан жоғары) 38 800 тұрғынның I-ші компонентімен 38 806 адам, II-ші компонентімен 38 800 адам вакциналанды.
Сонымен қатар, Пфайзер (Pfizer) вакцинасының I-ші компонентімен 7971 адам, ал II-ші компонентімен 7853-i вакциналанды.
Емханаларда жеке қорғаныс құралдары қоры жеткілікті мөлшерде қамтылған.
Пандемиялық кезеңде коронавирус инфекциясымен күресу мен аурудың алдын алу мақсатында тұрғындарды жаппай вакцинациялау жұмыстары емханаларда тиістi деңгейде жүргізілуде.
Халық арасында «COVID-19» коронавирустық инфекциясының алдын алу және таратпау мақсатында кең көлемде түсіндірмелі санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<