Қазақстандықтар болашақта қанша мөлшерде зейнетақы алатынын біле алады. БЖЗҚ-ның Алматыдағы филиалындағылар онлайн калькуляторды қалай қолдануға болатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Www.enpf.kz сайтында онлайн калькуляторды қолдану өте оңай. Ол үшін сайттағы «Зейнетақы калькуляторы» бөліміне кіру қажет. Онда «Болжалды зейнетақы калькуляторы» (болашақ зейнеткерлерге) және «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» (зейнеткерлерге) аталатын есептеудің екі нұсқасы бар. Алдымен туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтық зейнетақы жүйесіндегі өтілі, бүгінге дейін жинақталған сома мен соңғы уақыттағы орташа жалақы мөлшерін енгізіп, есептеу тетігін басу керек. Егер калькуляторға жеке кабинет арқылы кірсеңіз, жолдар автоматты түрде толтырылады», – дейді БЖЗҚ алматылық филиалының баспасөз қызметіндегілер.
Калкулятор болашақ зейнетақыны 3 сценарий бойынша есептейді: пессимистік, шынайы және оптимистік. Нәтижесі бірнеше құраушыдан тұрады: ортақ зейнетақы, базалық зейнетақы, БЖЗҚ зейнетақысы, ерікті түрде енгізілген жарнадан зейнетақы.
Сонымен қатар калькулятор сіздің жинағыңыздың неше жылға жетінін, зейнетке шығар алдындағы болжалды жалақыңызды және алмастыру коэффициентін есептеп бере алады
«Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары бойынша, алмастыру коэффициенті соңғы жалақыдан 40 пайызға аз болмауы тиіс», – дейді баспасөз қызметіндегілер.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<