Енді зейнеткерлер емханаға өтініш жазып-ақ тіркеле алады

209

0

 Азаматтардың бірқатар санаты емханаға қағаз жүзінде тіркеле алады. 

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімінің мәліметіне сүйенсек, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметін алу кезінде туындаған мәселелерді шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің өкімі бойынша азаматтардың кейбір санаттарына емханаға тіркелу қағаз жүзінде рұқсат етілген.

«ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің тапсырмасына сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдар 2019 жылдың 1 қазанынан бастап НҚА-ға өзгерістер енгізілгенге дейін мына тұлғалар үшін емханаға бекітуді қағаз түрінде жүзеге асыру қажет: зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала жасынан мүгедек жанға тағайындалған қамқоршылар (бұл  санаттағы жеке тұлғалар кәмелетке толған болуы мүмкін), сондай-ақ, қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және ҚР заңнамасына сәйкес қамқорлық көрсету, білім беру, тәрбие беру, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен (заңды өкілдер) айналысатын өзге де тұлғалар, жазасын колонияларда өтеп жүрген сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, тіркеуді сенімхатпен ресімдеген сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері», – делінген ведомство хабарламасында.

Яғни, енді емханаға тіркелу үшін зейнеткерлер, мүгедектер, қамқоршылар немесе қорғаушылар, патронаттық тәрбиешілер мен балалардың заңды өкілдері, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шетелде туған балалар, сәбилер, жетімдер, қарттар үйлеріндегі балалардың өкілдері, сондай-ақ, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар және сотталғандар қағаз жүзінде өтініш жаза алады.

Анықтама: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтер екі пакет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын болады.

Барлық ақпарат fms.kz сайтында

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<