Енді ауғанстандық газдалған анар сусынына тыйым салынбақ

64

0

Фото: ашық дереккөз

Қырғызстан Ауғанстанда өндірілген «Golden Life» газдалған анар сусынына тыйым салып жатыр. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлайды.

Ош қаласында анар сусыны сауда орындарынан тәркіленіп жатыр. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығына сусын талаптарға сай келмейді екен. Тыйым халықтың, әсіресе, балалардың денсаулығын қорғау мақсатында енгізілген. Өйткені сусынның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне теріс әсер ететін азорубин E 122 бояғышы бар.

Сауда желілерінің басшыларына осы өнімдерді сатуға тыйым салу туралы бұйрықтар берілген. Қазақстанда бұл сусындар сатылады әрі бағасының төмендігімен танымал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<