Енді балалар TikTok-та күніне тек 60 минут отыра алады

602

0

Фото: grizzlysms.com

TikTok жаңа функцияны жақын арада енгізбек деп хабарлады turkystan.kz.

Енді 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер желіде күніне 60 минут қана отыра алады. 1 сағат өткеннен кейін арнайы құпиясөзді сұрайды.

Егер баланың жасы 13-тен кіші болса, TikTok желісін 1 сағаттан ұзағырақ көру үшін құпиясөзді ата-анасы жазуы керек болады. Бұл жағдайда әлеуметтік желі қосымша 30 минут көруге рұқсат береді.

Сонымен қатар балаға жауапты адам күніне қанша минут шектеу керегін өзі енгізуге мүмкіндігі бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<