«Енді кімге еркелеймін?» Әнші Qanay-дың анасы дүниеден өтті

33

0

Фото: instagram.com/qanay.913

Qanay лақап атымен танымал Нұрболат Қанай отбасындағы суыт хабарды жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің анасы дүниеден озды. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында анасының жаназа намазы қашан оқылатынын да жазды.

“Енді кімге еркелеймін”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, биыл жыл басында Нұрболат Қанайдың әкесі бақилық болғаны хабарланған еді.