Енді оқушылар мектепке хиджабпен бара ала ма — Министрлік түсіндірді

342

0

Фото: Pexels

Оқу-ағарту министрлігі Жоғарғы соттың оқушының мектепте орамал тағуына салынған тыйымның күшін жойған шешіміне түсінік берді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық заңгер оқушы қыздың орамал таққаны үшін мектеп қабырғасында білім алуына шектеу қою мәселесін көтеріп, Жоғарғы сотқа жүгінген. 

Ал Жоғарғы сот оқушының мектепке орамал тағуына салынған тыйымның күшін жою жөнінде шешім қабылдады.  

Аталған жайтқа қатысты Оқу-ағарту министрлігінің ұстанымын сұраған едік. 

«Бұл мәселе Білім туралы заңның 5-бабының 39 тармақшасына сәйкес әзірленген орта білім беру ұйымдарында (2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрық) міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен реттелген. Хиджаб — діни киім. Мұндай киім жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейді. Ата-ананың алдында баласының сапалы білім алуы мен жеке қасиеттерін дамыту мәселесі тұруы тиіс», — дейді министрліктен. 

Одан бөлек, ведомствоның баспасөз қызметінен мектеп формасын кию ережесі сақталатыны, яғни ештеңе өзгермейтіні айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<