Сурет: unsplash
Таиланд пен Қазақстан арасындағы визасыз режим 2023 жылдың 25 қыркүйегі мен 2024 жылдың 29 ақпаны аралығында қолжетімді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандықтардың 30 күн бойы Тайландта визасыз жүруін Тайланд билігі мақұлдады. Бұл туралы The Reporters жазды.
Елдің Туризм және спорт министрі Судаван Хоуп Суфакикосон осылайша елдегі кірісті арттыру жоспарланып отырғанын айтты.
Қытай азаматтары үшін де визасыз режим енгізілді.
Министр сонымен қатар туристер саны 30% артады деген үмітін білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<