Энергетика министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

203

0

Энергетика министрлігінің ресми өкілі болып Серікжан Ерментаев тағайындалды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«17 қаңтардан бастап министрдің кеңесшісі – Энергетика министрлігінің ресми өкілі қызметіне Серікжан Ерментаев келді», – делінген хабарламада.
 Серікжан Ерментаевтың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыста тәжірибесі бар. Квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда болған. Бұған дейін Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметін басқарған. Бұған дейінгі ресми өкіл – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбек президенттік кадрлар резервіне кіріп, басқа жұмысқа ауысып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<