Сурет ашық дереккөзден
Экономикалық зерттеу институтының мамандары жалақы бойынша қалалар рейтингін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалақы – қаланың басқа елді мекендерге қатысты тартымдылық элементтерінің бірі. Осыған орай ұлттық статбюро дерегіне сүйене отырып, Қазақстанның 26 қаласын қамтитын 2021-2022 жылғы көрсеткіштерді салыстырып, талдау жасалды. Сонымен қатар, жалақы қалалар бөлінісінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіштерімен салыстырылды» делінген институт таратқан мәліметте.
2022 жылдың үшінші тоқсаны бойынша жалақы рейтингі мынадай (теңге):
Салыстырмалы кестеден ең жоғары жалақы Жаңаөзенде – 686 744 теңге, ал Талдықорғанда ең төмен – 212 136 теңге болғаны байқалады. Алшақтық 3,2 есе.
Бір қызығы, ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша Жаңаөзен көшбасшы, бұл қалада өмір сүрудің жоғары құнын сипаттай алады (Жаңаөзен – 60 697 теңге, Түркістан – 31 211 теңге).
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (прожиточный минимум) ең төменгі қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардың белгіленген үлесіне ұлғайтылған азық-түлік себетінің құнынан қалыптасады.
Мысалы, азық-түлік себетінің құны халықтың әр түрлі жыныстық және жас топтары үшін азық-түлік себетіне кіретін азық-түлікті тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын орташа бөлшек сауда бағасына көбейту арқылы есептеледі.
Осылайша күнкөріс деңгейінің шамасын құрайтын азық-түлік себеті мен азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсалатын шығын елді мекенде «өмірдің қымбаттығын» көрсетуі мүмкін.
«Өмірдің қымбаттығын» есепке алу үшін орташа жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне қанша рет сәйкес келетінін түсіну үшін қалалар бойынша күнкөріс деңгейі мен жалақыны салыстырдық. Ең көп жалақы Атырау, Сәтбаев, Жаңаөзен, Ақтау, Жезқазған және Балқаш қалаларында, сондай-ақ басқа да бірқатар моноқалаларда «өмірдің қымбаттығын» жабады. Айта кету керек, бұл қалаларда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі аз, ал халықтың көп бөлігі ресми түрде өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Ең аз жалақы Қызылорда қаласын қоспағанда, Қазақстанның бірқатар оңтүстік қалаларында «өмірдің қымбаттығын» жабады. Бір қызығы, Астана мен Алматы тізім көшбасшылары емес. Сондай-ақ, аутсайдер – Шымкент мегаполисі, бұл жасырын «көлеңкелі экономика» мен есепке алынбаған кірісті жанама түрде көрсетуі мүмкін» дейді институт маманы Азамат Сәменов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<