Әлеуметтік желіде жүрген видеодан байқағанымыз дай, оқиға Алматы қаласындағы Есентай өзенінде орын алған, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ер адам суға құлап кеткен баланың «Көмектесіңізші» деген сөзін естігенде, ойланбастан суға секірді. Жігіт үстіндегі киімін, сөмкесін, тіпті көзілдірігін де шешпегенін көруге болады.
Баланың «Көмектесіңізші! Рахмет, аға» деген сөзін естуге болады.
Желі қолданушылары ойланбастан көмекке жүгірген жігітке алғысын жаудырды. Құтқарушы баланы көп ұзамай есімі белгілі болды. Есімі – Алихан Сәкенұлы. Жасы – 25-те. Қызылорда қаласының тұрғыны.
– Барлығыңызға рахмет. Сіздерге де Алланың нұры жаусын! Менің орнымда басқа бір адам болғанда да дәл осылай жасар еді. Кез келген адам алғашқы көмек жасауға көмегін аямайтын еді, – деп жазды ол.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<