Ерасыл Ерділдә – Еуропа кубогының жеңімпазы

303

0

Түркияның Анталия қаласында өткен теннистен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогында жерлесіміз Ерасыл Ерділда жұптық сайыста бірінші орынды жеңіп алды. 
Жарыста спортшы барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген. Бүгінде Ерасыл – еліміздің құрама командасының мүшесі. Қызылордалық теннисші енді Малайзияда өтетін халықаралық жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.