«Ерекше» балаларға арналған орталық ашылды

545

0

Қызылорда қаласында «Розалия и Эмир» жеке қоры 18 жасқа дейінгі ментальді, сөйлеу қабілеті бұзылған және аутистік спектр кінәраттары бар балаларға арналған орталықты пайдалануға берді.

Аталған қор 2019 жылы «Әрекет» жобасы аясында өз жұмысын бастаған. Әйткенмен, биыл материалдық-техникалық базасын жаңарту және негізгі құралдармен жабдықтау бойынша ғимарат ауданын кеңейтті. Сондай-ақ, аталған мекемеде «Қараңғы сенсорлық бөлме» және «Күрделі ырғақ логосы» сынды инновациялық жабдықтары бар екі кабинет ашылды. Онда емдеу шаралары педагогикалық түзету логопед-дефектолог пен психолог-педагог мамандарының диагноз қоюынан кейін жүргізіледі.

Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов қор жетекшісін құттықтап, орталықтың аймақ үшін үлкен көмегі тиетінін атап өтті.

– Біз балаларды әлеуметтік тұрғыдан бейімдеуге және олардың толыққанды өмірін қалыптастыруға көмектескіміз келеді. Осы тұста, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз, – деді «Розалия және Эмир» жеке қорының жетекшісі Розалия Рахимова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<