Дәмханалардың бірінде ерекше баланы тамақтандырып, киімін кигізген даяшының әрекеті жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Syrboyi.kz. Оқиға көпшіліктің көз алдында болған.
«Бауырдақта отырған кезде бәріміздің көзіміз осы балаға түсті. Жүрегім ауырып, қайта-қайта қарай бердім. Сол жерде жұмыс істейтін жігіт тамағын беріп, киімдерін кигізді. Осы балаға қатты риза болдым. Өзінің бауыры сияқты қарап, шығарып салды», – деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары даяшының бұл әрекетін ризашылықтарын білдірді.
«Түрінен көрініп тұр мейрімді жан екені, жүзі жылы», «Алла разы болсын мына жігітке. Міне, ата-анасының тәрбиесін көрген текті ұрпақ», «Міне азамат, міне нағыз қазақтың баласы», «Осы баланы жақсылығы үшін алдынан көп бақыт, қуаныш тосып тұр», – деп жазды желі қолданушылары.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<