Еріктісі көп елдің іргесі берік

261

0

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Байырғы заманда ата-бабамыз ұлан-байтақ қазақ даласын жаудан қорғауға ерікті түрде аттанған. Бейбіт күнде жоқ-жітікке, қаріп-қасерге асарлатып үй салған, «бөлінгенді бөрі жейді» деп ешкімді де шетқақпай қалдырмай, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» әрекет етті, жұмыла көмек көрсетті. Мыңдаған белсенді волонтерлердің игілікті істерін ерекше атап өтуге де болады. Волонтерлік – халқымыздың шынайы болмысы.

Атап айтқанда, облыста ресми түрде 2 мыңнан астам (2 126) волонтер тіркелді және 30-ға жуық (27) волонтерлік топтар бар. 2022 жылмен салыстырғанда биыл волонтерлер саны 500 волонтерға көбейді (2022 жылы- 1 625).

Аймақтың волонтерлері, ұйымдары, жастары, ҮЕҰның өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен «BIRGEMIZ» облыстық волонтерлер слеті өтті.

Еріктісі көп елдің іргесі берік

Слет бағдарламасы негізінде түрлі іс-шаралар және марапаттау рәсімі, пленарлы отырысы жүргізілді, бір-бірімен тәжірибе алмасуға, жастардың волонтерлікке деген қызығушылығын арттыруға, жаңа мүмкіндіктерге жағдайлар қалыптасты.

Іс-шара барысында «Birgemiz» волонтерлер, Республикалық Фронт офисінің өкілі, тренер Досымбеков Айбек Аяпбергенұлының тәлімгерлігімен жас волонтерлерге шеберлік сағаты өткізіліп, тәжірбиесімен бөлісті.

120 қатысушы 5 топқа жіктеліп, ұлттық спорт сайыстарынан бақ сынасты, жүлделі орындар иеленген командалар марапат төрінен көрінді.

«Аймақтағы волонтерларды ынталандыру және адвокация негіздері» пленарлы отырысында Қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы аймақ үздіктерін «ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМ», «ҮЗДІК КОРПОРАТИВТІК ҰЙЫМ», «ЖОМАРТ ҰЙЫМ», «ҮЗДІК ҚАМҚОРШЫ ҰЙЫМ», «ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛІК БАСТАМА», «ҮЗДІК ВОЛОНТЕР», «ЖАНАШЫР ВОЛОНТЕР», «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВОЛОНТЕРІ», «ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ВОЛОНТЕР» «ЖЫЛЫ ЖҮРЕК ВОЛОНТЕРІ» номинацияларымен марапаттады.

Шара қонақтары БҰҰ-ның Қызылорда облысы координаторы Қанатбек Айтбайұлы, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы қатысушыларға тілек білдіріп, игі бастамалардың сәтті жүзеге асуына, ел дамуы жолында адал қызмет ете беретініне сенім білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<