Ерікті жастар бас мешітте

207

0

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің «Жастар ісі» секторы және облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ерікті жастармен кездесу өтті.
Еркін форматта өткен сұхбаттасу алаңында мешіттің наиб имамы А.Жұбанов пен облыстық «Жастар ісі» секторының жетекшісі С.Әбіл саңлақ саһабалардың өмір-тарихынан мысалдар келтіре отырып, «ата-ана разылығына қол жеткізу», «ұстазға құрмет көрсету», «уақытты тиімді пайдалану», «қоғамға пайдалы болу», «жастық шақтың қадірі» жайлы насихат айтты.
Саһабалар өмірінен алынған өнегелі өсиетпен басталған игі шара ерікті жастардың бас мешіттегі тазалық жұмыстарына атсалысуымен жалғасты. «Qazvolunteer» жобасы аясында келген «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының белсенді білімгерлеріне сауапты амалдары үшін ұйымдастырушылар алғыс білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<