Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов ведомства басшысы Сағадиевтен ғылымды дамытуға арналған бюджет қаржысының қалай бөлінгенін сұрады.
«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында металлургия, мұнай-газ, химия, агроөнеркәсіп кешені, био және IT технологиялар бойынша ғылыми зерттеулерді дамыту қажет екенін атап өтті. Ғылымды дамыту үшін нысандық қаржыландыруға 22 млрд теңге бөлінгелі отыр. Оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне ғана 7,6 млрд теңге бөлінеді. Яғни, барлық қаржының 34%-і, ал қалған 7 салалық министрлікке тиетіні 14,9 млрд теңге. Егер қаражаттың 3/1 агроөнеркәсіпке бөлінсе онда Елбасы тапсырмасына сәйкес басқа саланы, ғылымды қалай дамытамыз?» – деді Мәжіліс депутаты.
Министр бюджет қаржысын барлық министрлік келісіп, Үкімет шешімімен бөлініп отырғанын айтты.
«Бізге металлургия ғана емес барлық бағыттар маңызды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы бар, себебі халықтың көбі осы салада жұмыс істеп жатыр. Металлургия, биотехнология, химия бағыттарымен бірге қосымша ауыл шаруашылығына да ақша бөлу керек болып тұр. Әрине, білім саласына ақша жетпей жатыр. Ол түсінікті. Мұны қарастырып отырмыз. Бізде ғылым саласына қосымша қаржыландыруға халықаралалық қаржы институттарын тартатын заң жобасы бар. Бірақ қазіргі уақытта бюджеттік ресурстармен жұмыс істе жатырмыз. Бөлетін тек біздің министрлік емес, Үкіметтің шешімі. Бәріміз келісіп солай қаржыны бөліп жатырмыз», – деді министр.
Дереккөз: BAQ.KZ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<