Ерлі-зайыптылар медиация арқылы бітімгершілікке келді

536

0

Сурет ашық дереккөзден

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1-бөлігінде азамат Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Р. алкогольдік масаң күйде жәбірленуші  П.-ға былапыт сөйлеп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, мазасын алып, сыйламаушылық білдіріп, тыныштығын бұзып, құқыққа қарсы іс-әрекеттер  жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Р. кінәсін мойындап, әрекетіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрап, медиация тәртібінде татуласуларына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші П. өзінің жолдасына кешірім беріп, өзара медиация тәртібінде татуласқанын айтып, әкімшілік істі тоқтатып, оны жауаптылықтан босатуды сұрады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Р. әкімшілік жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босатылды, іс ӘҚБтК-нің 64-бабына сай өндірістен тоқтатылды.

Қармақшы аудандық соты 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<