Ерлікке құрмет көрсетілді

192

0

Фото: Жалағаш ауданы

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, бабалар рухына тағзым етті.

«Ер есімі ел есінде» ескерткішіне жиналған аудан тұрғындары ұлы жеңіс жолында құрбан болған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, құран бағыштады.

Жалағаш ауданынан соғысқа аттанған 2316 азаматтың 695-і ғана елге аман-сау оралса, 1621-нің сүйегі жат жерде қалды.

Қазір майдангерлеріміздің жауынгерлік жорық жолдары, ерлік рухы кейінгі ұрпақтарын, бүгінгі жас Отан қорғаушыларды әрқашан асқақ арман-мұраттар мен ерлікке бастап келеді.

Жалағаш ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<