Ержан Максим жанұясымен бірге Ресейге көшіп кетпекші

311

0

Ержан Максим жанұясымен бірге Ресейге көшіп кетпекші«Голос. Дети» байқауында көрермендендің көзайымына айналған қазақстандық жас әнші Ержан Максим ата-анасымен бірге Ресейге қоныс аударуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Мой город-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы жас таланттың анасы Гүлмира Әлібек мәлімдеді. Оның сөзінше, Ержан отбасымен бірге Ресейге 5 жылға қоныс аударған.
«Ержан Игорь Крутойдың музыка академиясында оқиды. Ол жерде біз жалдамалы пәтерде тұратын боламыз. Қазір ұлым «Евровидениеде» өнер көрсетуге дайындалып жатыр», – деді ол.