Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті құрылмақ

490

0

Фото: Kazinform

Ішкі істер министрлігінде Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетін құру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған, деп хабарлады Қазақпарат.

«Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлары айналымы саласындағы уәкілетті орган саналады. ІІМ-де аталған функцияларды есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті орындайды. Сонымен қатар негізінен синтетикалық есірткіні техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану арқылы тарату үрдісін ескере отырып, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру аясында ІІМ жоғарыда аталған Департамент базасында тиісті Комитет құру мәселесі пысықталып жатыр. Құрылатын ведомствоға есірткіге қарсы және профилактикалық тиісті қызметті күшейту мақсатында қосымша функциялар беру жоспарланған», – делінген Үкімет басшысының жауабында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<