Есірткі – болашақты ұрлайтын қауіп

7

0

Мен – мектеп оқушысымын және өз болашағымды есірткісіз елестетемін. Қазіргі қоғамда есірткі мәселесі өте өзекті. Ол адамды бір сәттік қызығушылықпен арбайды, бірақ арты орны толмас өкінішке әкеледі. Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығын әлсіретіп қана қоймай, мінезін, ойлау қабілетін, армандарын жояды. Мұндай адам өзіне де, қоғамға да пайда келтіре алмайды.

Жасөспірім шақ – дұрыс таңдау жасайтын маңызды кезең. Осы уақытта кім болатынымызды, қандай жолмен жүретінімізді шешеміз. Меніңше, шынайы бақыт есірткіде емес, білім алуда, спортта, еңбек етуде және адал достықта. Салауатты өмір салтын ұстану – өзіңді құрметтеудің белгісі.

Мен есірткіге қарсымын, себебі мен өмірімді, денсаулығымды және жарқын болашағымды бағалаймын.

#есірткігеқарсы

Айым Абдибек,

№55 С.Қожанов атындағы орта мектеп,

11- сынып оқушысы.