«Есірткі – ғасыр ауруы»: Қызылордада дөңгелек үстел өтті

449

0

Фото: Полиция департаменті

Облыстың оқу орындарында «Есірткі-ғасыр дерті!» тақырыбында дөңгелек үстелдер өтті. Дөңгелек үстелдер барысында «Есірткіден бас тарту нәтижесінде не аламыз», «Есірткінің біздің денемізге әсері», «Дұрыс емес жолға түскендерге көмектесу керек пе» деген сұрақтар қозғалды.

Іс-шара барысында тақырыптар бойынша қатысушылардың пікірлері айтылды, сөзжұмбақтар, блиц-сауалнамалар шешілді, танымал тұлғалардың өмірі жайлы мысалдары және есірткіге қарсы танымал өлеңдер келтірілді, бейнероликтер мен аниме көрсетілді. Сондай-ақ, қатысушылар есірткіге қарсы мазмұндағы плакаттар салу арқылы нашақорлық мәселесі туралы өз көзқарастарын көрсетуге тырысты.

Ұйымдастырушы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының пікірінше, ең үздік, қызықты және креативті дөңгелек үстелдерді М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі, Шиелі ауданының №244 орта мектебі, Жалағаш ауданының №118 орта мектебі, Жаңақорған ауданының №242 орта мектептерінде өткізді.

Шынар БЕКБАН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<