Есірткі жарнамасы бар граффитилер жойылды

558

0

Фото: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «Amanat» партиясының өкілдерімен бірлесіп есірткі жарнамасы бар граффитилерді жою бойынша акция жүргізді.

Қызылорда қаласының әртүрлі аудандарында орналасқан гараж, ғимараттардың қабырғаларынан 50-ден астам граффити-жазулар жойылды.

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабына сәйкес «Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Егер бұл қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған болса, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<