Есірткінің ірі партиясын сақтаған

488

0

«Қарасора-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ, ҚР Ұлттық ұланның «Бүркіт» АЖ және Жаңақорған АПБ-нің қызметкерлері бірлесіп, облыс тұрғынының тұрғылықты жерінен 84 дана сіріңке қораптарына салынған салмағы 359 гр. болатын ірі мөлшерде «кептірілген марихуана» анықталып, оқиға орнында құрықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<