Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкнотаның айналым мерзімі бір жылға ұзартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны брифингте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
“Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкнота айналымда тағы бір жыл болады. Олар 2027 жылдың маусым айына дейін қолданыста қала береді”, – деді Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Оның айтуынша, халық арасында осы номиналға сұраныс жоғары болған соң тағы бір жыл қалдыру шешімі қабылданды.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы Қазақстанда кеңінен таралған екі банкнота қолданыстан шығатыны хабарланған еді. Сол кезде 2 000 және 10 000 теңгелік банкноталар айналымнан шығарылатыны айтылған. Десе де Ұлттық банк 10 000 теңгелік ескі үлгідегі банкноттардың айналымда жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын жеткізген.






