Қызылордада жергілікті полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық полиция департаменті есірткі кылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру барысында есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады.
Жедел іс-шаралар барысында ұсталған азаматтан 1 скотчпен және 2 газет қиындысына оралған жалпы салмағы 1 келіден аса «гашиш» есірткі заты тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған өзінің кінәсін толығымен мойындады және Қызылорда ҚПБ-ның УҰА-на қамаққа алынды.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».






