Этнос өкілдерін марапаттады

225

0

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Біз сіздермен біргеміз, ажырамас іргеміз» атты этнос өкілдерінің қатысуымен қорытынды шара өтті.
Шарада «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева алғы сөз сөйлеп, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің сақталуына, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм құндылықтарына тәрбиелеуге бағытталған шараларға белсене қатысқан этнос өкілдерін аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Шараға сонымен қатар, Қызылорда облысы «Қоғамдық келісім» КММ – нің этномәдени бірлестіктермен жұмыс жасау және қоғамдық шараларды ұйымдастыру бөлімінің аға сарапшысы Гүләйім Мәлік қатысып, шара барысында шешен этносының өкілі Алимаш Орсиханова, №31 мектеп гимназия оқушысы, Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды шарасына «Асыл сөз» мектебі шешендік өнерге баулу байқауы бойынша марапат иесі Жанель Хамиева өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Шараны «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестінің төрайымы Дина Мирман қорытындылап, бірлестіктің жыл бойы атқарылған жұмыстарын атап өтті. Жиын соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Айта кетсек, бүгінде ауданда орыс, кәріс, шешен, әзірбайжан, татар, өзбек, украин, қырғыз, неміс, беларусь, молдаван, тәжік, жалпы 12 түрлі ұлттан 380 өзге этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<