Еуропалық Одақ Temu-ге қарсы дабыл қақты

233

0

Фото: temu

Еурокомиссия Temu платформасы интернет арқылы заңсыз тауарларды сатуды тоқтата алмайтынына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды The Guardian басылымы. 

«Миллиардер сияқты сатып ал» деген ұранмен саудасын дөңгелеткен платформа Еуропалық Одақ нарығына тез енді. Сәуір айында іске қосылғаннан бері косметикадан киімге дейін, тіпті Қытайдан жеткізілген жиһаздар мен тұрмыстық техниканы шамамен 100 миллион пайдаланушыға сатқан. 

Еуропалық комиссия PDD Holdings-ке тиесілі платформаның Facebook-тен X және Google-ға дейінгі технологиялық компанияларды реттейтін жаңа цифрлық қызметтер туралы заңын (DSA) бұзып отыр деген алаңдаушылық білдірді. 

Комиссия аталған сауда маркетплейсінде «бұрын бұғатталған алаяқ саудагерлер» қайта қулығын асыруы мүмкін деп алаңдайды. Себебі, платформаның жеткілікті сенімді жүйелері жоқ екенін алға тартады. Себебі, кейбір өнімдер кейде жойылғаннан кейін бірнеше күн ішінде қайта пайда болады.

Олардың айтуынша, контрафактілік өнімдер, фармацевтика, косметика және ойыншықтардың сатылуына қатысты алаңдаушылықты Еуропадағы әртүрлі билік органдары, әсіресе Германия, Дания және Ирландия елдері көтеріп отыр. 

Шенеуніктер Temu «өз платформасында не болып жатқанын тексеретін және бақылайтын» «тиімді басқару жүйелерін» енгізбеген деп күдіктенеді.

Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Маргрете Вестагердің айтуынша, комиссия Тему DSA талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізгісі келеді.

«Атап айтқанда, олардың платформасында сатылатын өнімдердің ЕО стандарттарына сәйкестігін және тұтынушыларға зиян келтірмейтінін қамтамасыз ету», – деді Вестагер.

Егер DSA-ны бұзғаны анықталса, компанияға үлкен айыппұл салынуы мүмкін.

ЕК атап өткендей, сәуірде ЕО-да 75 миллион Temu пайдаланушысы тіркелсе, қыркүйекте олардың саны 92 миллионға дейін өскен. 

Ал, Қазақстанда онлайн платформалардан түсетін салық көбейіп келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<