18-25 мамыр аралығында Токио қаласында (Жапония) классикалық жəне экипировкалық жатып сығымдаудан өтіп жатқан Əлем чемпионатында жерлесіміз Фархад Каналбеков алтын медаль иеленіп, еліміздің Əнұранын шырқатты.Жастар арасында сынға түскен Фархад 59 келіде классикалық түрінен – күміс, экипировкалық түрінен – алтын медальдарды жеңіп алды. Ол осымен екінші мəрте Əлем чемпионы атанды.
Ф.Каналбеков – Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері, былтырғы жылғы Əлем чемпионы. Ол енді келесі жылдан бастап ересектер арасында бақ сынасатын болады.






