«FITSJ» фитнес марафоны

228

0

Фото: ашық дереккөз

Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Жастармен мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау басты міндетіміз.

Оқудан тыс уақытта мәдени тәрбие беру, қосымша әртүрлі салада өзін өзі дамуына және өмірлік ұстанымын өзгертуге бағытталған үйірмелерді жандандыру арқылы танымал спорттың түрі фитнес дене жаттығуын өткізуді қолға алынды.

Фитнеспен айналысам деген адам алдымен оның түрлі бағыттарымен танысады. Құқықбұзушылық, кибербуллинг әрекеттері мен заңсыз ойын орындарында жастар бос уақытын өткізгенше денсаулықты жақсартуға, дене бітімін түзеуге, төзімділікке, бұлшық еттерін шыңдап, дене пішімін қалыпқа келтіруіне жағдайлар қалыптасады.

Белсенді демалыс аймағында қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізуге, жаңа бағыттарды меңгеруде, жаңа достар табуда, қабілетін шыңдауда мүмкіндіктері орасан.

Ерекше форматта ұйымдастырылған бұл марафон жастарға, жасөспірімдерге қайталанбас эмоция, көтеріңкі-көніл күй сыйлаған бас тренерлер, фитнес жаттықтырушылары Кенжебаева Ғалия, Балтабаев Мақсат, Каймова Аяулым, Кенжебай Ақжанға алғысымыз шексіз!

Ұлт денсаулығын бекемдеу, салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы игілікті шаралар жалғасатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<