Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
— 2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай — Алматы (170 орын) және FZ1395 Дубай — Астана (170 орын) рейстерінің ұшуы жоспарланып отыр, — делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін СІМ Қазақстанның шет елдердегі мекемелері шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен Ираннан көрші елдер арқылы азаматтарымызды эвакуациялауға жәрдем көрсету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгені туралы айтқан еді.
Армян тарапымен Қазақстан азаматтарының Армения аумағы арқылы эвакуациялануы жағдайында Иран-Армения шекарасынан кедергісіз өту мәселесі келісілді. Арменияның сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен тұрақты байланыс сақталуда.
Осыған ұқсас жұмыс Әзербайжан тарапымен де жүргізілді, олар эвакуация мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Елдің құрлықтағы шекара өткелдеріндегі өткізу тәртібі шектеулі болғандықтан, шекарадан өту үшін арнайы рұқсат қажет.
Екі азаматтың өтініші негізінде ҚР-дың Әзербайжандағы елшілігі Ираннан «Джульфа» бақылау-өткізу пункті (Нахчыван) арқылы кіруге жедел түрде рұқсат алды.
Түрікменстан тарапы да қазақстандық азаматтардың эвакуациясы үшін мемлекеттік шекарадан өтуге жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.
Айта кетелік Air Astana қазақстандықтарды қайтару үшін Медина мен Джеддаға рейс орындауы мүмкін екенін жазған едік.






