Forbes Қазақстандағы ықпалды бизнесмендердің рейтингін жариялады: Тимур Құлыбаев үздік бестікке кіре алмай қалды

351

0

Фото: Pixabay.com

Forbes Kazakhstan журналының қазандағы жаңа санында ең ықпалды қазақстандық бизнесмендердің рейтингі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes Kazakhstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ең ықпалдылар рейтингінде алғаш реет кәсіпкер Марат Жұманның есімі пайда болды. Оның 30 елде жұмыс істейтін Atasu Group көлік-логистикалық холдингі 2023 жылы Қытайдың Shandon Port Group ең ірі порт компаниясымен серіктестік орнатты. 2024 жылғы рейтингте Жұман 46-орында.

Марат Жұманның астында 50-қатарда Bilim Media Group негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы тұр. Оның мансабы білім беру саласына бастау алады. Оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы, қазақтілді Wikipedia және «Online Mektep» білім беру платформасы Кенжеханұлының рейтингке енуін қамтамасыз етті.

inDrive Арсен Томскийді 16-орынға көтерді. InDrive мобильді қосымшасы 46 елдің 779 қаласында жұмыс істейді. Томский 2023 жылдың желтоқсанында Қазақстан азаматтығын алған. Бұрынғы Ресей азаматындағы байлығы 2024 жылдың мамырында 920 миллион долларға бағаланып, ең бай қазақстандықтар рейтингінде 10-орынды иеленді.

Рейтингке оралғандар

Томский 50 жаста, Жұман 48 жаста, Кенжеханұлы 45 жаста.

Lancaster Group компаниясының иесі Гауһар Қаппарова рейтингке оралды. Алайда Құлыбаевтардың серіктесі Раушан Сағдиева рейтингтен түсіп қалды. Сағдиева 2023 жылы 47-орында болды, Қаппарова 2024 жылы 41-орында.

Тізімнен шығып, қайта оралғандар арасында Nomad Life және Nomad Insurance акционері Алмас Мыңбаев, «алтын іздеуші» Алтыналмас», «Қазақалтын» басшысы Владимир Жұманбаев, «инженер-энергетик» Сергей Кан және Kaspi.kz сайтының акционері және басшысы Михаил Ломтадзе бар. Ломтадзе алтыншы орында.

Рейтингте орны ауысқандар

«Qarmet» компаниясының иесі Андрей Лаврентьевтің 26-орыннан 9-орынға көтерілді.

Шухрат Ибрагимов 11-орыннан 7-орынға көтерілді. Аграрлық бизнесмендер Серік Толықпаев пен Иван Сауэр де өсті.

Алайда Тимур Құлыбаев 3-тен 8-ге түсті. «Базис-А құрылыс» корпорациясының негізін қалаушы Александр Белович 9-орыннан 14-орынға төмендеді. Жанар-жағармай құю станциялары желілерінің иесі Данияр Әбілғазин де алты қатарға түсіп қалды.

Forbes Kazakhstan журналының мәліметінше, Серікжан Сейітжанов, Сайдулла Қожабаев және Александр Клебановтың да ықпалы айтарлықтай төмендеткен.

Болат Өтемұратов екінші орыннан үшінші орынға көтерілді. Үздік бестікті жапқан Тимур Тұрлов пен Нұрлан Смағұлов сәйкесінше бесінші және жетінші қатардан жоғары көтерілді.

Рейтингтің көшін KAZ Minerals басшысы Владимир Ким бастап тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<