Фракция жетекшісі сайланды

386

0

Фото: Аманат партиясы

Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамовтың қатысуымен облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның кезекті отырысы өтті.

Онда үш мәселе қаралды. Соның алғашқысы фракция жетекшісін сайлау. Атап өтейік 30 қаңтар күні облыстық мәслихаттың №76 шешіміне сәйкес облыстық мәслихат депутаты, депутаттық фракция жетекшісі Аманжол Сақыпұлы Оңғарбаев Арал ауданы әкімінің лауазымына тағайындалуына байланысты оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.Осыған орай ағымдағы жылдың 2 ақпан күні «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросы мүшелерімен облыстық мәслихаттағы фракция жетекшілігіне кандидатура ұсыну мәселесі қаралып, Саяси кеңесі Бюросының мүшелері депутаттық фракция жетекшілігіне Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлының кандидатурасы лайық деген ортақ пікірге келген болатын. Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай фракция мүшелері бір ауыздан қолдап, дауыс берді. Сонымен облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі болып, Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы сайланды.

Жиынның күн тәртібіне сай партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова сөз алып, фракция мүшелерінің 2023 жылдың сәуір-желтоқсан аралығы бойынша жұмыстарына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша ақпарат берді.

Атқарушы хатшының айтуынша өткен жылы өткен 8 фракция отырысында алда тұрған негізгі міндет – партияның Сайлауалды бағдарламасының облыстық Жол картасының іске асырылуна басымдық берілген. Мұнан бөлек Фракция мүшелері Партиялық бақылау комиссиясының 17 отырысы мен филиал жанындағы 8 кеңестін 50 отырысына қатысқан. Партиялық бақылау аясында түрлі мониторинг жұмыстарын жүргізген.

«Атқарылған жұмыстар аз емес. Алайда фракция жұмысы жалпы жақсы бағаланғанымен, жекелеген депутаттар белсенділігі мен кейбір жұмыс бағыттары әлі де күшейтуді талап етеді. Яғни, Сайлауалды бағдарлама мен фракция мүшелерінің партия филиалы жанындағы кеңесші органдардағы жұмыстарына қатысуы, өзекті мәселелерді көтеруі мен олардың шешілуіне ықпал етуі, анықталған проблемаларды тиісті органдар алдында көтеріп, атқарылған жұмыстарды БАҚ және әлеуметтік желіде көрсету жұмыстары» – дейді Ләйлә Төрешова.

Аталған талдау қорытындысы бойынша фракция мүшелері өз ұсыныс – пікірлерін білдіріп, көтерген сауалдарына қатысты нақты жауаптар алды.

Жиын соңында «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<