Испания мен Францияда қыс мезгілі үшін ерекше жылы күн райы орнады. Күн жарқырап, кей өңірлерде ауа температурасы 28 градусқа дейін жылыды, деп хабарлайды Еuronews.
Испанияда соңғы күндері рекордтық жоғары температура тіркеліп жатыр. Валенсия және Мурсия аймақтарында термометр бағанасы +28 градусты көрсетіп тұр. Мадридте – +19 градус.
Ыстық күн райын Пиреней түбегіне әсер етіп отырған қуатты антициклон алып келді.
Көктемнің ерте келуі халық арасында әртүрлі реакция туғызды:
«Бұл өте қорқынышты, өйткені жазда одан сайын ыстық болады. Сондықтан демалу үшін бізге сәл салқын керек, өтініш», «Барынша жарқырап тұрған күнді ұнатамын. Көктем келгендей әсер қалдырады».
Пиренейдің арғы жағы Францияда да шуақты күн райы орнады. Перпиньянда ауа температурасы 22 градусқа дейін жылыды. Бүгін Марсельде +20 градус болатыны болжанды. Франциядағы метеорологиялық бақылаудың бүкіл тарихында қаңтар айындағы ең жылы күн 24 қаңтар еді – орташа температура Цельсий бойынша 12 градустан жоғары болған. 1937 жылы дәл осы күні ауа температурасы 11 градусқа жуық еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<