Марсель маңындағы Пенн-Мирабо елді мекенінде орналасқан Tesla дилерлік орталығында ауқымды өрт болып, ондаған электромобиль жанып кетті, деп хабарлайды Euronews.
Шамамен 50-ге жуық өрт сөндіруші түнімен тілсіз жаумен арпалысып, оттың көрші ғимараттар мен көліктерді шарпуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі әзірге белгісіз. Полицияның мәліметінше, алаңшаның артқы жағындағы қоршау қиылған, бұл қасақана өрт қою болуы мүмкін деген күдік тудырған.
Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп, тергеушілер қылмыстық іс қозғады. Өз кезегінде Tesla компания ішінде тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Tesla акционерлері компания негізін қалаушы Илон Маск үшін құны 1 трлн долларға дейін жетуі мүмкін рекордтық өтемақы пакетін мақұлдаған. Шарт бойынша, әлемдегі ең бай адам саналатын Маск алдағы жылдары электромобиль өндірушісінің нарықтық құнын айтарлықтай арттырып, бірнеше негізгі көрсеткіштерді орындауы тиіс.
Бұған қоса, бұған дейін Tesla Маскқа кемінде тағы екі жыл компанияда қалу шартымен 29 млрд доллар көлемінде жаңа бонусты бекітті.






