Франциялық турист Байқоңыр ғарыш айлағына бара жатқан жолда қайтыс болды

2461

0

Фото: 112 Telegram арнасы

Қайғылы оқиға Байқоңыр қаласының маңында болған. Бұл туралы ресейлік 112 Telegram арнасы жазды.

Белгілі болғандай, бірнеше күн бұрын 27 жастағы Николас Карбон мен 25 жастағы Анджело Алебетта Парижден Алматыға келген.

Содан соң ғарыш айлағы мен «Буранды» көру үшін Байқоңырға аттанған. Екі турист тыйым салынған аймаққа жаяу жетуді ұйғарып, күннің ыстығында көп күш жоғалтқан.

Соның салдарынан Анджелоның мұрнынан қан кетіп, ақыры ол есінен танып құлап қалады. Сол уақытта Николас «Самара – Шымкент» тасжолына жүгіріп барып, қазақстандық полицейлерді көмекке шақырады. Бірақ досының халін түсіндіре алмаған.

Полицейлер туристі ғарыш айлағының өткізу пунктіне жеткізіп, зардап шегушіні іздеуге кіріседі. Анджелоны кезіктіргенде оның өлі күйінде жатқанын аңғарған. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр.

Байқоңыр қаласының әкімшілігі, сондай-ақ ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілінің кеңсесі мұндай туристер қалаға және ғарыш айлағына бару туралы ресми түрде өтініш бермегенін растады. Осы экстремалды туристік оқиғаның қайғылы оқиғасы туралы толығырақ Роскосмос немесе оқиға аймағына жауапты Мәскеу облысының ішкі істер басқармасы баяндап бере алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<