Бұл туралы республиканың премьер-министрі Эдуар Филипп Le Journal du Dimanche басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. «2019 жылы біз шамамен 4,5 мың жұмыс орнын қысқартуды қарастырудамыз. Ал 2020 жылы бұл цифр 10 мыңнан асады»,-деп хабарлады премьер. Филиптің атап өтуінше, оның үкіметі президент Эмманюэль Макронның сайлау алдында берген уәдесінің бірін осылайша орындамақ. Эмманюэль Макрон өзінің сайлау науқаны барысында 5 жылдық президенттік мерзім ішінде (2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін) мемлекеттік аппарат құрылымын оңтайландыра отырып, жалпы алғанда 50 мың мемлекеттік қызметшіні қысқарту ниеті туралы мәлімдеген болатын.
Францияда 14,5 мың мемқызметші қысқартылмақ
27.08.2018
359
0





